BasNewsЖаңалықтар

Паралимпиада-2020: Қазақстандық дзюдошы Зарина Байбатина финалға шықты

Қазақстандық дзюдошы Зарина Байбатина  Паралимпиада ойындарының финалына шықты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

70 келіден жоғары салмақта сынға түсіп жатқан Байбатина жартылай финалда италиялық Каролина Костаны жеңді.

Осылайша, қазақстандық дзюдошы финалға шықты, кем дегенде күміс медаль алады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қоржынында Токио Паралимпиадасының үш медалі бар – Давид Дегтярев пауерлифтингтен алтын медаль алса, дзюдошылар Әнуар Сариев пен Теміржан Дәулет күміс жүлде иеленген болатын.

Back to top button