BasNewsЖаңалықтар

Доллар бағасы тағы арзандады

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 27 тамыз кешімен салыстырғанда 0,43 теңгеге құлдырап, 1 доллар 425,32 теңге болды.

Ұлттық банктің 31 тамыздағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 425,74 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 425,01 теңге, сатып алу – 426,53 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 424,84 теңгеден болса, сатып алу құны – 426, 05 теңге.

Back to top button