BasNewsЖаңалықтар

Жамбыл облысындағы жарылыс орнынан табылған үш адам кім екені анықталды

Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысындағы әскери қоймада жарылыс болған кезінде қаза тапқан тағы үш адамның есімін атады, – деп хабарлайды Basnews.kz.

«Жамбыл облысында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт болған жерден табылған үш құрбанның жеке бас мәліметтері анықталды.

Олар Жамбыл облысы бойынша ТЖД қызметкерлері:

  • ҚӨСБ қызметкері-жүргізушісі аға сержант Ғафан Жомартұлы Қуатбек 1995 жылғы;
  • ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы сержант Әділет Қанатбекұлы Әділбек 1987 жылғы;
  • ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы қатардағы жауынгер Әліби Бексұлтанұлы Кеңес 1999 жылғы», – делінген хабарламада.
Back to top button