BasNewsЖаңалықтар

Қазақстандықтар баспана алу үшін зейнетақы жинағындағы ақшаны пайдалана алады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында қазақстандықтар баспана сатып алу үшін зейнетақы жинағының жеткілікті шегінен асқан қаражатын «Отбасы» банкіндегі есепшотқа аударуға рұқсат беру қажет деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Basnews.kz.

Мен осыған дейін зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын қолдану бастамасының оң әсерін атап өткен болатынмын. Сонымен қатар бұл шара адамдардың жұмыс берушілерден жалақысын «таза» есептеуді талап етуге итермеледі, – деді ол.

Бұл ретте Тоқаев бұл бастаманы жалғастыру керектігін атап өтті.

Бұл тенденцияны сақтау үшін зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінен жоғары бөлігін баспана сатып алу үшін Oтбасы банкіндегі шотқа аударуға рұқсат беру қажет деп санаймын. Сондай-ақ бұл азаматтарымыздың қаражат жинауға мүдделі етіп, оларды ақылмен басқаруды әдетке айналдыруға түрткі болады, деп санайды Мемлекет басшысы.

Back to top button