BasNewsЖаңалықтар

Ақтөбеде 6 мектепке «мина қойылды»

Ақтөбеде алты мектепке «мина қойылды» деген жалған ақпарат тарады, – деп хабарлайды  Basnews.kz.

Ақтөбе қаласында 1 қыркүйекте сағат 8.30 шамасында №2 орта мектептің электрон мекенжайына алты мектепке (№1, 2, 21, 22, 51 және 56 орта мектеп) «мина қойылғаны» туралы хабарлама келген. Оқиға орнына барлық жедел қызмет пен саперлер тобы дереу жіберілген. Сондай-ақ, оқушылар, қызметкерлер мен мектептің техникалық қызметкерлері эвакуацияланған.

«Қазір хабарлама авторын анықтау және ұстау бойынша жедел шаралар жүргізіліп жатыр. Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы «Терроризм актісі туралы қасақана жалған хабарлау» іс қозғалған», – деді полиция өкілі.

Бұл баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Back to top button