BasNewsЖаңалықтар

Алматыда қару-жарақ арсеналын тәркілеу бойынша арнайы операция өтті

Алматыда қару-жарақ арсеналын тәркілеу бойынша арнайы операция өтті, – деп хабарлайды, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Күдіктіні криминалдық полиция қызметкерлері Алматыдағы ҰҚКО әріптестерінің көмегімен ұстаған.

«1975 жылы туған Д. есімді азаматтың автокөлігі Жандосов және Яссауи көшелерінің қиылысында ұсталды. Көлігінен патрондары бар екі тапанша табылды. Сондай-ақ, Алматы облысы Талғар ауданындағы тұрғылықты жеріндегі құпия орнынан тағы алты қару, оның ішінде 12 калибрлі винчестер, граната және 60 патрон табылды. Қару тиесілігін, шығуын, сондай-ақ, қандай да бір қылмысқа қатыстылығын анықтау үшін тәркіленді және сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді», – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Оның айтуынша, күдіктінің үйінен ұнтақ зат салынған төрт бума табылды. Медициналық сараптама күдіктінің ұсталған кезде есірткіге мас болғанын анықтады.

«Азамат Д. ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 287-бабы, 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр», – деп түйіндеді Науатов.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бес өңірінде жүргізілген арнайы операция барысында ҰҚТ-ның 28 қатысушысы ұсталғаны хабарланған болатын.

Back to top button