BasNewsЖаңалықтар

Қаржы министрлігі кәсіпкерлерді тексеруге енгізілген мораторий күшін жоюды ұсынды

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев кейбір кәсіпкерлер салықтан жалтара бастағанын атап өтті, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Трансферттік баға туралы заңнаманы одан әрі жетілдіру жоспарлануда. 2020 жылы тексерулерге енгізілген үш жылдық мораторий кассалық тәртіпті төмендетіп жіберді. Кейбір қуланған кәсіпкерлер бұл бастаманы салық төлеуден жалтару мүмкіндігі ретінде қабылдады. Осыған байланысты біз ұсақ және шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге арналған мораторийдің күшін жою туралы мәселені қарастыруды ұсынамыз, – деді Қаржы министрі Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, ұсынылған шаралар мемлекеттік бюджет кірісінің ұлғаюын қамтамасыз етеді.

Айта кетсек, 2019 жылы Мемлекет басшысы шағын кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге үш жылдық мораторий жариялау туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Ол 2020 жылдың 1 қаңтарынан 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін жергілікті атқарушы органдарға кәсіпкерлік субъектілерді тексеруді доғаруды тапсырды.

Back to top button