BasNewsЖаңалықтар
Белсенді Дулат Ағаділдің өліміне байланысты тергеу басталды
Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында қоғам белсендісі Дулат Ағаділ көз жұмды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Нұр-Сұлтанда тергеу изоляторында таяуда жеткізілген қоғам белсендісі 1977 жылғы Дулат Ағаділ қайтыс болды. Ол сотқа құрметсіздік танытып, судьяға балағат сөздер айтқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды», – дейді полицейлер.
Сот сараптамасы қорытындысы оның ұсталған кезде мас күйде болғанын көрсетті.
Полицейлердің мәліметінше, өлімнің алдын ала себебі – жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі. Денесінде ешқандай жарақат болмаған. Сотқа дейінгі тергеу басталды.



