BasNewsЖаңалықтар

Елорда әкімдігі ЖОО мен колледждерде білім алу үшін 5 300 грант бөлді

Елорда әкімі Алтай Көлгінов жоғары оқу орындары мен колледждерге 5 300 білім гранты бөлінгенін мәлім етті, деп хабарлайды Basnews.kz.

«Биыл әкімдіктен қаланың жоғары оқу орындары мен колледждерінде оқуға 5 мың 300-ге жуық грант бөлінді. 465 грант бойынша тарату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осылайша, грант иегерлерінің арасында ерекше қажеттілігі бар, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ әртүрлі олимпиада мен конкурс жеңімпаздары және т.б. бар. Түлектер педагогика, медицина, IT-технологиялар, құқық, инженер, спорт, әлеуметтік жұмыс, электроника және энергетика, шет тілдері және т.б. мамандықтар мен бағыттар бойынша оқуға түсті. Мемлекет көрсететін көмек кәсіптік білім алу үшін елеулі қолдау болады», – деді Алтай Көлгінов.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының Жолдауында білім беру саласын маңызды бағыттардың бірі ретінде белгілеген. Президенттің тапсырмасы бойынша 2024 жылға дейін жыл сайын педагогтердің жалақысы 25%-ға көтеріледі, білім беру сапасын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, кәсіптік білім алуға гранттар бөлінеді, жалпыға міндетті оқу аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетіледі. «Мысалы, осы жылдың өзінде жалпы оқу аясында 800 млн теңге бөлеміз, бұл бізге оқушылардың басым бөлігін материалдық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді, өткен жылдан бастап материалдық көмек көлемін ұлғайтылған болатын.

Оқу үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жыл сайын мектептер саламыз. Биыл 15 мектеп ашылады. Бұл бізге шамамен 40 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік береді, салыстырар болсақ 2020 жылдан екі есе, ал 2019 жылдан төрт есе көп. Инвестициялық кеңестерде 30 жекеменшік мектептің құрылысын қолдадық», – деді әкім.

Back to top button