BasNewsЖаңалықтар

Қазақстан азаматтары Ауғанстаннан қалай шығарылды – Ерлан Қарин

Саясаттанушы, ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Ауғанстаннан ҚР азаматтарын эвакуациялау операциясының қалай жүргізілгенін баяндады, деп хабарлайды Basnews.kz.

«Қазақстанның Қарулы Күштері Кабулдағы толық хаос жағдайында қысқа уақытта күрделі операция жүргізе алды. Алдымен өздерінде алаңдаушылық пен проблема толып жатқан америкалықтармен келіссөз жүргізу керек болды, содан кейін азаматтарымызды Кабулға жинап, әуежайға қауіпсіз түрде апарып, содан кейін блокбекеттер арқылы әуежай аумағына кіру үшін сондағылардың бәрімен келіссөздер жүргізілді», – деп жазды Е. Қарин өзінің Telegram-парақшасында.

Саясаттанушының айтуынша, 15 тамыз күні жексенбіде Президент ҚР азаматтары бен дипломаттарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді, ал 18 тамызда олар Қазақстанға жеткізілді.

«Операция 3 күн ішінде жоспарланды, ұйымдастырылды және өткізілді. Біздің әскерилер мен дипломаттарымыз пандемия кезінде, 2020 жылдың көктемінде азаматтарымызды түрлі елдерден шұғыл әкетуге мәжбүр болғанда және «Жусан» операциясы кезінде осындай гуманитарлық операцияларды жүргізіп, жақсы тәжірибе жинақтады. Сондай-ақ біздің әскерилер өз азаматтарымызбен бірге қырғыз дипломаттарын да эвакуациялады», – деді Ерлан Қарин.

Back to top button