BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда КВИ мен пневмониядан 134 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулік ішінде 134 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«3.09.2021 жылы пневмонияның 298 жағдайы және 11 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 143 адам емделіп шықты. 2020 жылдың 13 наурыздан барлығы: ауырғандар – 71225, 4553 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 59089-ға жетті», – делінген хабарламада.

5 қыркүйектегі мәлімет бойынша, 94 158 адам коронавирус инфекциясынан (86 575 КВИ+ және 7 583 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  •  20 777 пациент стационарда,
  • 73 381 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 537 адамның жағдайы ауыр,
  • 420 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 220 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Back to top button