BasNewsЖаңалықтар

Оралда медицина қызметкері 15-тен аса жалған вакцинация паспортын жасаған

Оралда медицина қызметкері 15-тен аса жалған вакцинация паспортын жасап сатқан, – деп хабарлайды Basnews.kz. тілшісі.

«Қаржылық мониторинг агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша өңірлік департаменті Орал қаласындағы емханалардың бірінің қызметкері жалған екпе төлқұжаттарын жасағанын анықтады.

Медицина қызметкері алдын ала сөз байласу арқылы ақшалай сыйақы алу үшін Денсаулық сақтау министрлігінің «Вакцинация» электрон модуліне екпе салғызу туралы жалған ақпаратты енгізді», – делінген агенттік хабарламасында.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, екпе төлқұжаттарына тапсырыс берушілердің негізгі бөлігі мектепке дейінгі ұйымдар мен сауда қызметкерлері.

Қаржылық мониторинг агенттігі мәліметінше, республиканың 13 облысында барлығы 26 соталды тергеу басталған. 86 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Back to top button