BasNewsЖаңалықтар

Маңғыстаудағы кен орнынан өрт шығып, екі адам қаза тапты

Маңғыстау облысы Боранқұл кен орнындағы жатақханада өрт болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

6 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы бойынша шашамен сағат 04.55-те Маңғыстау облысы «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖШС-не қарасты Боранқұл кен орнында екі қабатты жатақханада өрт шықты.

Қазір уақытта өрт ауыздықталды. Өртті сөндіруге «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС өртке қарсы қызметінің 2 өрт тобы жұмылды. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға кезінде екі адам қаза тауып, үш адам жарақат алған», – делінген хабарламада.

Оқиға орнына «ҚазМұнайТеңіз» ЖШС филиалының басшылығы барды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың жетекшілігімен оперативтік штаб құрылды. Жедел штабтың құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірді.

Back to top button