BasNewsЖаңалықтар

Ақтөбедегі мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы тағы бір хабарлама келіп түсті

Ақтөбедегі мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы тағы бір хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Basnews.kz.

6 қыркүйекте Ақтөбе облысы ПД электронды поштасына Тургенев көшесі, 75 үй мекен-жайындағы КазМЮУ мектеп-гимназиясының ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Барлық жедел қызметтер мен саперлер тобы оқиға орнына бірден аттанып, ғимаратта жарылғыш заттардың бар-жоғына тексеру ұйымдастырылды. Жарылғыш заттар табылған жоқ, – деп хабарлады облыстық ПД.

Полиция аноним хабарламаның авторын анықтап, ұстауға бағытталған жедел шараларды қолға алды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы, «Терроризм актісі туралы қасақана жалған ақпарат беру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

1 және 2 қыркүйекте де Ақтөбедегі бірнеше мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсіп, арнайы қызмет аяғынан тік тұрған. Бірақ бұл ақпарат расталмады.

Back to top button