BasNewsЖаңалықтар

Ақмола облысында ХҚКО-лардың жұмысына өзгеріс енгізілді

2021 жылы 6 қыркүйекте Ақмола облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары «Ақмола облысы аумағында карантиндік шектеу шараларын одан әрі қатаңдату туралы» 2021 жылғы 31 шілдедегі Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Basnews.kz.

Атап айтқанда, жаңа өзгеріс Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына әсер етті.

1414 байланыс желісі мен виртуалды көмекшілерге хабарласу мүмкіндігі арқылы Халыққа қызмет көрсету орталықтарының және Мамандандырылған ХҚКО жұмысын ұйымдастыру жұмыс (дүйсенбі-жұма) күндері сағат 9: 00-ден 18: 00-ге дейін жалғасады, сенбі және жексенбі күндері тоқтатылады. Көкшетауда Халыққа қызмет көрсету орталықтарының кезекші бөлімдерін 9: 00-ден 20: 00-ге дейін ұйымдастыруға рұқсат етілген. Азаматтарды қабылдау Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады, делінген құжатта.

Қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.

Back to top button