BasNewsЖаңалықтар

Қазақстан Ресейге әуе рейстерін арттырады

2021 жылғы 31 тамызда Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстер санын ұлғайту мәселесі шығарылды, деп хабарлайды Basnews.kz.

Нәтижесінде 2021 жылдың 22 қыркүйегінен бастап «Qazaq Air» әуе компаниясы аптасына 1 рейспен Ақтөбе–Қазан бағытында ұшуды бастайтын болды.

Ресеймен арадағы рейстер санының одан әрі ұлғаюы эпидемиологиялық жағдайға, Ведомствоаралық комиссия шешімдеріне және Ресей Федерациясының тиісті мемлекеттік органдарының шешімдеріне байланысты болады.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Back to top button