BasNewsЖаңалықтар

Жамбыл облысындағы жарылыста зардап шеккен әскери қайтыс болды

Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыстар салдарынан тағы бір әскери қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz.

«2021 жылғы 7 қыркүйекте Тараз қалалық ауруханасында 26 тамызда Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында болған өртті сөндіру кезінде алған жарақаттарының салдарынан 28349 әскери бөлімінің әскери қызметкері 1983 жылы туған, капитан Ерлан Рысқұлбекұлы Қырғызәлиев қайтыс болды», – делінген хабарламада.

Ол оқ-дәрілерді сақтау бөлімінің бастығы лауазымын атқарған болатын. Қоймадағы өртті жоюға кіріскен алғашқылардың бірі болған.

Back to top button