BasNewsЖаңалықтар

Гүлнара Каримова бостандыққа шығу үшін 686 миллион доллар төлеуге дайын

Түрмеде жазасын өтеп жатқан Гүлнара Каримова Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевке хат жазды. Ол хатында бостандыққа шығу үшін 686 миллион доллар төлеуге дайын екенін жазған, – деп хабарлайды СentralАsia.

Хатты Instagram желісінде Каримованың 22 жастағы қызы жариялады. Ол қазір Лондонда тұрып жатыр. Айта кетейік, бұл парақшаны қазіргі уақытта Гүлнара Каримованың қорғаушылары жүргізіп жатыр.

Каримова хатында бірнеше рет түрме ауыстыруға тура келіп жатқанын айтып шағымданады. Сондай-ақ, оның айтуынша, қылмыстық істердің әлі тоқтайтын түрі жоқ.

«Отбасым мен денсаулығымды сақтау үшін Швейцариядағы барлық мүлкімді мемлекет пайдасына бере отырып, 686 миллион доллар төлеуге дайынмын», – делінген хатта.

Сондай-ақ, Гүлнара Каримова денсаулығы нашарлағанын, сондықтан ота жасату қажет екенін айтады.

Еске салайық, Гүлнара Каримова 2015 жылдың тамызында 5 жыл бас бостандығынан айырылған болатын. Сол кезде оның мемлекетке келтірген залалы 2 миллиард доллар екені айтылған еді. Мемлекет пен азаматтардың мүддесіне екі қылмыстық іс бойынша келтірілген шығынның жалпы сомасы – 1 триллион 270 миллиард 200 миллион сом, 1 миллиард 651,8 миллион доллар, 26,1 миллион еуро (ұлттық валютадағы жалпы сома – 3 триллион 746,8 миллион сом) деген еді прокуратудағылар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button