BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 97 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулікте COVID-19 бен пневмониядан 97 адам қайтыс болды және 373 науқас өте ауыр жағдайда жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz.

8 қыркүйекте ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен 78 адам коронавирустан, ал ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен 19 адам пневмониядан қайтыс болған.

Сондай-ақ, 10 қыркүйектегі мәлімет бойынша 82 162 адам коронавирус инфекциясынан (74 116 КВИ+ және 8 046 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  •  17 245 пациент стационарда,
  • 64 917 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 310 адамның жағдайы ауыр,
  • 373 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 208 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Back to top button