BasNewsЖаңалықтар

Семейде серуенге шыққан зейнеткер снаряд тауып алды

Семей қаласындағы Бейбітшілік аралына серуенге шыққан зейнеткер снаряд тауып алған, деп хабарлайды Basnews.kz.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «102» жедел арнасына қоңырау шалған 69 жастағы азамат Бейбітшілік аралынан снарядқа ұқсас зат тауып алғанын айтты. Оқиға орнына тәртіп сақшылары жедел келіп жеткен.

«Тексеру барысында белгілі болғандай, бұл оқу-жаттығуға арналған артиллериялық снаряд. Ол айналаға ешқандай қауіп төндірмейді», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта снаряд әскери бөлім қызметкерлеріне жеткізілді.

 

Back to top button