BasNewsЖаңалықтар

Жамбылдағы жарылыстан зардап шеккен өртсөндіруші қайтыс болды

Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен тағы бір өртсөндіруші қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz.

«Бүгін Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен 1993 жылы туған өртсөндіруші қайтыс болды. Ол бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы академик Нұрлан Батпенов атындағы Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығының ауруханасына жеткізіліп, сол жерде ем алып жатқан болатын», – делінген хабарламада.

Осылайша Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны он жеті адамға жетті. Оның ішінде 10 азаматтық қорғау органдарының қызметкері, Қорғаныс министрлігінің 6 әскери қызметкері және бір әскери прокурор. Жоғалған тағы бір адам іздестіріліп жатыр.

Back to top button