BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда есірткіні жарнамалаған 800-ден астам сайт бұғатталды

2021 жылдың сегіз айында Қазақстанда есірткі сату бойынша 800-ден астам сайт бұғатталды, деп мәлімдеді брифингте ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің бастығы Бақытжан Әмірханов, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Биылғы жылдың сегіз айында сотқа дейінгі 127 іс тіркелді, оның ішінде 58 жарнама бойынша және 69 интернет арқылы сату бойынша. Есірткіні жарнамалаған 810 сайт бұғатталды, – деді Әмірханов.

Оның айтуынша, биылғы жылдың басынан бері 129 келі синтетикалық есірткі тәркіленген. 11 дәрілік зертхана жойылды.

Шілдеде, мысалы, Ақтөбе облысында 28 жастағы есірткі сатушы ұйымдастырған зертхананың көзі жойылды. Мәртөк ауданының ұсталған тұрғыны есірткі, психотроптық заттар мен олардың баламасын аса ірі көлемде заңсыз дайындаумен айналысқан, – дейді ол.

ҚР ІІМ мәліметінше, ұсталған азаматтың үйінде тінту кезінде салмағы 47 грамнан асатын психотроптық зат салынған пластик пакет алынды.

Сараптама нәтижесі бойынша, мефедрон субстанциясы психотропты эфедрон затының баламасы екені анықталды. Одан кейін полиция қызметкерлері заңсыз зертханасының өзі орналасқан сарайды тапты. Тінту кезінде салмағы 10 келідей психотроптық зат, электронды таразы, канистрлер, колбалар және тағы басқа заттар алынды. Ұсталған ұнтақ заттың жалпы салмағы 67 келіден асады, – деді Әмірханов.

Back to top button