BasNewsЖаңалықтар

Талдықорған маңында жантүршігерлік жол апатынан 2 адам қаза тапты

Талдықорған-Үштөбе тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды. Екі адам қаза тауып, төрт жолаушы жарақат алды, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Алматы облысы Полиция департаменті мәліметінше, 12 қыркүйекте сағат 19.15-те Талдықорған-Үштөбе тасжолының 41-шақырымында Toyota Karina мен Audi 80 автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктің де жүргізушілері алған жарақатына байланысты қаза болды, ал Тoyota Karina көлігінің төрт жолаушысы түрлі дене жарақатымен Үштөбе ауруханасына жеткізілді. ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», – деді Алматы облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Back to top button