BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда COVID-19 бен пневмониядан 77 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 77 адам қайтыс болды, 350 науқас өте ауыр жағдайда жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz.

ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен 64 адам коронавирустан, ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен 13 пациент коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болған.

Сондай-ақ, 15 қыркүйектегі мәлімет бойынша 75 685 адам коронавирус инфекциясынан (67 269 КВИ+ және 8 416 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  •  14 335 пациент стационарда,
  •  61 350 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 136 адамның жағдайы ауыр,
  • 350 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 198 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.
Back to top button