BasNewsЖаңалықтар

Таразда жүргізуші 4 адамды қағып кетті, екеуі оқиға орнында қаза болды

Таразда жүргізуші төрт адамды қағып кетті. Зардап шеккендердің екеуі оқиға орнында қаза тапты, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов мәлім етті. Оқиға 15 қыркүйекте болған.

«Таразда Сейфуллин көшесімен Бауыржан Момышұлы көшесіне қарай келе жатқан көлік жүргізушісі төрт жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болып, екеуі Тараз қалалық №1 ауруханасына жатқызылған«, – делінген хабарламада.

Факт бойынша ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды. Полицейлер Тараз қаласының 23 жастағы жүргізушісін анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалған.

Back to top button