BasNewsЖаңалықтар

Ақтөбеліктер Қазақстанның бас санитария дәрігерін сотқа берді

Ақтөбе әкімшілік сотына елдің бас санитария дәрігері Ерлан Қиясовқа қатысты талап арыз түсті, – деп хабарлайды Basnews.kz  «Диапазон» газетіне сілтеме жасап.

Ақтөбенің үш тұрғыны Киясовтың қаулысындағы коронавирусқа қарсы вакцина алмаған қызметкерлерге жұмыс істеуге рұқсат бермеу туралы айтылғанға қарсы. Талапкерлердің айтуынша, санитария дәрігердің бұл талаптары заңсыз.

Ақтөбедегі сот Ерлан Қиясовтың Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтінін ескеріп, ол даулы қаулыны елордада да шығарды, демек, істің өзі сол жерде қаралуы тиіс деп тапты. Сот талап арызды Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына берді.
Back to top button