BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы салқын болады

Қазақстанда демалыс күндері күн салқындайды. «Қазгидромет» РМК синоптиктер» 18-20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Солтүстік суық антициклон әсерінен елемізіде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы батыста және республиканың қалған аумағында төмендейді. Демалыс күндері басталғанда Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде тұрақсыз ауа райы сақталып, жаңбыр жауып, жел күшейеді.

«Республиканың батысында ауа температурасы түнде аздап жоғарылайды: 2 аяз – 10 жылудан 1-13, күндіз 13-20-дан 15-23 жылуға дейін: елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде термометрлер -3-тен +5 градусқа, күндіз 7-15 жылуға дейін; шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 10-18 жылудан 2-10, күндіз 20-28-ден 10-18 жылуға дейін. Ал республиканың оңтүстігінде: түнде 10-20, күндіз 25-30-дан 17-25-ке дейін жылу болады», – делінген хабарламада.

Back to top button