BasNewsЖаңалықтар
Қазақстандық ауыратлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Алматы облысының полициясында қазақстандық ауыратлет Альберт Линдердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Basnews.kz.
«Алматы облысының Полиция департаменті дерек бойынша ҚР ҚК-ның 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша соталды тергеу басталғанын хабарлайды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Ауыр атлетика федерациясы спортшы қайтыс болғанын хабарлаған болатын. Дереккөз мәліметінше, Альберт Линдер өз-өзіне қол салған. Басқа деректер әлі белгісіз