BasNewsЖаңалықтар

Бекшин жаңа қаулыға қол қойды

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитария дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы шығарды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бас дәрігер «қызыл» аймақтағы нысандардың жұмыс режимін белгіледі:

«Демалыс күндері барлық Ashyq нысандары – сағат 00.00-ге дейін, Ashyq «көшбасшылары» –  егер қызметкерлер мен келушілерде «жасыл» мәртебе болса (вакцинация, теріс нәтижесі бар ПТР-тест, сынамалар алынған сәттен бастап жеті тәуліктен аспайтын, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылғандар) сағат 02.00-ге дейін, жұмыс күндері барлық Ashyq нысаны – сағат 00.00-ге дейін, Ashyq «көшбасшылары» – сағат 02.00-ге дейін», – делінген құжатта.

Ashyq көшбасшыларына келесі жеңілдіктер беріледі:

  • «қызыл» аймақта нысандар «сары» аймақ шектеулері бойынша жұмыс істейді;
  • жұмысшылардың кемінде 90 пайызы бірінші компонентті салдырған кезде, соңғы үш ай ішінде аурудан айыққан, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдарды қоспағанда, нысанның толу деңгейі 20 пайызға артады.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Back to top button