BasNewsЖаңалықтар

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 61 адам қайтыс болды

Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 61 адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Олардың арасында 56 адамда коронавирусқа тест оң, бесеуінде теріс көрсеткені белгілі.

«17 қыркүйекте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 210 жағдайы және 5 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 183 адам емделіп шықты.

2020 жылдың 13 наурызынан барлығы: ауырғандар – 74025, 4734 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 60717-ге жетті», – делінген хабарламада.

19 қыркүйектегі мәлімет бойынша, жалпы 70 822 адам коронавирус инфекциясынан (62 248 КВИ+ және 8 574 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 13 095 пациент стационарда,
  • 57 727 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  •  1 041 адамның жағдайы ауыр,
  •  264 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  •  169 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.
Back to top button