BasNewsЖаңалықтар

Алматы облысында жер сілкінісі болды

19 қыркүйекте таңертең Алматы облысының аумағында жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілішісі.

«2021 жылдың 19 қыркүйегінде Алматы уақытымен сағат 9.01-де жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 187 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан», – делінген Қазақстанның сейсмологиялық қызметінің сайтында.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.1. Тереңдігі 15 шақырым.

Дүмпулер қанша балға сезілгені туралы мәлімет жоқ.

 

Back to top button