BasNewsЖаңалықтар

Петропавлда ертеңнен бастап жылыту маусымы басталады

Петропавлда ертеңнен бастап жылыту маусымы басталады, қала әкімі тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Петропавлда 20 қыркүйек жылыту маусымы басталады. Петропавл әкімі Болат Жұмабеков тиісті қаулыға қол қойды.

Шаһар басшысының айтуынша, бірінші кезекте әлеуметтік нысандар – балабақшалар, мектептер, ауруханалар мен емханаларға жылу беріледі.

«Қала тұрғындарынан тағы да жылыту маусымына мұқият дайындалу қажет екенін, әсіресе жылыту жүйелерін қысыммен тексеруін өтінемін. Өкінішке орай, өткен жылыту маусымында сапасыз дайындалуға байланысты кей пәтерлерде температура төмен болды. Әрине, жылумен жабдықтау ұйымдарында да жылу жеткізуде проблемалар туындады. Барлық осындай фактілер бойынша тиісті жұмыстарды «Петропавл жылу жүйелері» ЖШС жүргізеді, бірақ біз де жағдайды бақылауда ұстауымыз қажет», – деді Болат Жұмабеков.

Петропавлда бүгінде 1100-ден аса көпқабатты тұрғын үй бар. Жылыту маусымы былтыр 18 қыркүйекте басталған еді.

Әдетте нысандар кезең-кезеңімен қосылып, бұл жұмыстар он күнге дейін созылады.

Бастапқыда балабақшалар, денсаулық сақтау нысандары және білім мекемелеріне жылу берілмек.

Кейін тұрғын үйлер қосыла бастайды, онда да жылыту маусымына дайындық құжаты және жылу қуаты есептегіштері бар баспаналарға басымдық берілмек.

Back to top button