BasNewsЖаңалықтар

Меркі ауылында 12-жасар қыз зорланды

Меркі ауылында кәмелетке толмаған қыз зорланды, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Полицияға балалар ауруханасына Меркі ауылының кәмелетке толмаған тұрғыны келіп түскені туралы хабар жетті.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сотқа дейінгі тергеу аясында бірқатар тергеу әрекеттері мен қажетті сараптамалар жүргізіледі, – дейді Меркі аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Мамытбеков Сәбит.

Жедел іздестіру шаралары жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін істің басқа мән-жайы жария етуге жатпайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button