BasNewsЖаңалықтар

Ақтауда адам толы лифт шахтаға құлап кетті

Ақтауда лифт шахтаға құлап кетті. Оқиға кезінде лифт ішінде адамдар болған, – деп хабарлайды Basnews.kz  lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 17-ықшамаудандағы Aktau Plaza тұрғын үй кешенінде 25 қыркүйекте кешкісін, сағат 19:30 шамасында болған. Жағдай бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Aktau Plaza тұрғындарының айтуынша, адам толы лифт істен шыққан. Лифт шахтаға бірінші қабаттан құлаған. Зардап шеккендер жоқ. Адамдар бір-біріне көмектесіп, лифтен өздері шыққан.

Тұрғындар лифтке жауаптылар бұл жағдайды білетінін, бірақ ешқандай шара қолданбайтынын айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button