BasNewsЖаңалықтар

Тоқаев футзалдан Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев футзалдан Қазақстан құрамасының жеңісін сенсация деп атап, спортшыларды жеңісімен құттықтады, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Мемлекет басшысы құттықтауын Twitter-де жариялады.

«Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шығып, керемет сенсация жасады. Құтты болсын! Алдағы ойындарына сәттілік тілеймін!», – деп жазды Тоқаев. 

Еске салайық, футзалдан әлем чемпионатының ширек финалында Қазақстан құрамасы Иранмен ойнап, 3:2 есебімен жеңіске жеткен.

Финалға шығу үшін енді олар Португалиямен күш сынасады, матч 30 қыркүйекте өтеді. 1/2 финалдағы екінші жұп Бразилия мен Аргентина болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button