BasNewsЖаңалықтар

Өзбекстан билігі 12 жастан асқан балаларға вакцина салуды мақұлдады

Өзбекстанда коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасы 12 жастан асқан балаларға  ерікті түрде салуға рұқсат беріле бастайды, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Шешім жоғары тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген Pfizer вакцинасының 12-15 жастағы балаларға клиникалық зерттеулерінің нәтижелеріне негізделген. Тиісті ұсынысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) берді.

Осылайша, Өзбекстанның бас санитария дәрігері мен Ұлттық техникалық және иммунологиялық сараптама комиссиясының шешімімен 12 жастан асқан балаларға ата-аналарының немесе қамқоршыларының келісімімен Pfizer вакцинасын салуға болады.

Қыркүйек айының ортасында Өзбекстанға АҚШ-тан 1,214 миллион дана Pfizer/BioNTech вакцинасы жеткізілді.

Мамыр айының соңында Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі 12 жастан асқан жасөспірімдерге арналған Pfizer/BioNTech вакцинасын салуды мақұлдады.

Back to top button