BasNewsЖаңалықтар

СҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы 425 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы «Астана» телеарнасы БАҚ-қа сілтеме жасап хабарлады, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, шенеунік бұл соманы Петропавлдағы жекеменшік медицина мекемелерінің бірінің директорынан көмек көрсеткені және жалпы қамқорлығы үшін алған.

Басқарма басшысы изоляторға қамауға алынған. Алайда халық наразылығына қарамастан, бұл ақпарат әлі СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде де, сотта да ресми түрде расталмады немесе теріске шығарылмады, делінген телеарна хабарламасында.

Петропавловск.news мәліметінше, өңірдің бас дәрігері Қабдырахман Сақтағанов парамен ұсталғаны туралы қауесет бір аптадан бері таралып келеді.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының ресми сайтында Сақтағанов әлі де басшы ретінде көрсетілген.

Back to top button