BasNewsЖаңалықтар

Қарағанды облысында жолаушылар автобусы трактормен соқтығысып, жолдан шығып кетті

Қарағанды облысы Саран қаласының маңында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Қарағанды-Шахан бағытындағы қалааралық автобус трактормен соқтығысып, жолдан шығып кетті, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Жол апаты 29 қыркүйек сағат 19:30 шамасында болды. №127 маршруттық автобус Саран маңындағы тасжолда трактормен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен төрт адам медициналық мекемеге жеткізілді. Аталмыш дерек полицияда тіркелген . Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша алғашқы тергеу шаралары жүргізілуде», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы туралы келесідей мәлімет берді:

«Барлығы 21 адам зардап шекті. Оның бесеуі Мақажанов клиникасына жатқызылды. Науқастардың жағдайы орташа ауыр. Қалғаны амбулаторлық емделуге жіберілді», – деп хабарлады ведомствода.

https://www.instagram.com/p/CUb0qq2tPeu/?utm_source=ig_embed&ig_rid=e14ba036-4200-4070-8ac3-eef47d6e56a7

Back to top button