BasNewsЖаңалықтар

Тараздық шенеуніктер 10 батарейканы 9 миллион теңгеге сатып алмақ болған

Тараздық шенеуніктер 10 батарейканы 9 миллион теңгеге сатып алмақ болған, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Бұндай баға облыстық цифрлық технологиялар басқармасының мемлекеттік сатып алу сайтында көрсетілген. Егер жоспар жүзеге асқанда ең арзаны 70 теңге тұратын батарейканың әрбір данасына қазынадан 901 мың 700 теңге жұмсалатын еді.

Алайда шенеуніктердің әрекетіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлері мен кәсіпкерлер палатасының өкілдері тосқауыл қойған. Олар ұсыныс хат жазып, тауар құнын 299 теңгеге дейін төмендеткен. Нәтижесінде 9 миллион теңге үнемделді. Сала мамандарының сөзінше, бұл оқиға тапсырыс беру кезіндегі қателіктен болған. Дегенмен, тауар құнын нарықтағыдан шарықтатып көрсету өзге салаларда да байқалған.

«Сол сияқты жағдай Тараз қаласы білім бөліміне қатысты мәселе болған. Ол жерде компьютерлердің бағасы 380 мыңға аламыз деп жоспарланған болса оның нарықтағы бағасы 280-300 мың теңге тұратыны белгілі болды. Соған да байланысты ұсыныс хат жолдаған болатынбыз. Соның нәтижесінде 16 млнға жуық үнемдеу жағдайлары болып жатыр», – дейді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Дәурен Омаров.

Back to top button