BasNewsЖаңалықтар

Қытай Қазақстанмен автомобиль өткізу пункттерін жапты

Қытайда мереке күндеріне байланысты қазақстан-қытай шекарасындағы «Нұр жолы», «Достық-авто» және «Бақты» өткізу пункттері 2021 жылғы 1-3 қазанда жабық болады, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті ескертеді.

Бұдан басқа қытай тарапында дезинфекциялық құрылғылардың қысқы маусымға дайындауға байланысты «Бақты» өткізу пункті 2021 жылғы 3-4 қазанда да жабық болады. Шекараны кесіп өтуге ынталы тасымалдаушыларды көршілес елдегі мерекелік шаралар есебімен өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, делінеді хабарламада.

Back to top button