BasNewsЖаңалықтар

Алматы әуежайында тексерудің күшеюіне байланысты ұзын-сонар кезек пайда болды

Бүгінен бастап Алматы халықаралық әуежайында тексеріс күшейтіледі. Яғни, әуежайға кіре берістегі терминалда қосымша тексеру желісі қойылды. Жолаушылар адамдардың көптігіне шағымдана бастады, деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Әуежайдың баспасөз қызметі тексеруді күшейту туралы шешімді Қазақстанның авиация әкімшілігі жедел-профилактикалық шараларға байланысты қабылдағанын түсіндірді.

«Біз дереу дайындалдық, түнде әуежайға кіре берістегі терминалға қосымша тексеру желісі қойылды. Енді екіншісін бірінші қабатқа орнатып жатырмыз. Қосымша тексеруге байланысты жолаушылардан әуежайға ертерек келуді сұраған болатынбыз», – деп жауап берді әуежайдың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қосымша қауіпсіздік желілері 14 қазанға дейін уақытша орналастырылды.

Әуежай әкімшілігі жолаушылардан рейстеріне кешігіп қалмас үшін ертерек келулерін сұрайды.

Back to top button