BasNewsЖаңалықтар

Елордадағы жиһаз салонынан шыққан өрт сөндірілді

Астаналық өртсөндірушілер «Астықжан» сауда орталығынан шыққан өртті сөндірді, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Өрт аумағы шамамен 14 мың шаршы метр. Өртті сөндіруге ТЖД күштері мен құралдары, құрамында 105 адам және 26 бірлік техника, сондай-ақ коммуналдық қызметтің 8 суару-жуу машинасы жұмылдырылды.

Өрт кезінде цех қызметкері терезеден секіріп кеткен. Нұр-Сұлтанның ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен қыз – 2001 жылғы қызметкер.

«Универсал» жиһаз цехының қызметкері. Бүгінде ол Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жеткізілді, жағдайы орташа дәрежеде», – деді департамент өкілдері.

Еске салайық, бүгін сағат 09:42-де Нұр-Сұлтандағы «Астықжан» сауда орталығында жиһаз салонынан өрт шыққан болатын.

Back to top button