BasNewsЖаңалықтар

Елордадағы өрт бойынша қылмыстық іс қозғалды

Нұр-Сұлтандағы «Астықжан» сауда орталығындағы өрттен кейін қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Basnews.kz.

«Өрт бойынша «Астықжан» сауда орталығындағы жиһаз салонында келтірілген шығын мөлшерін анықтау үшін әкімдік өкілдері мен сауда үйінің басшылығымен жедел штаб құрылды. Қылмыстық кодекстің 292-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Өрт-техникалық сараптама тағайындалды.

Back to top button