BasNewsЖаңалықтар

Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқан полицейлердің отбасына мемлекеттік награда тапсырды

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқан полицейлердің отбасыларына мемлекеттік наградалар тапсырды, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

«Біздің әріптестеріміз, полиция майоры Дархан Сүлеев пен полиция капитаны Нұрбол Байғазиев қызметтік міндеттерін адал атқарып, әріптестеріне үлгі болып, болашаққа жоспар құрды. Олардың өмірін қиған қайғылы оқиға барлық қазақстандықтарды дүр сілкіндірді», – деді ІІМ басшысы.

Фото: Polisia.kz

Учаскелік полиция инспекторлары Дархан Сүлеев пен Нұрбол Байғазиев қаза тапқан соң Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Back to top button