BasNewsЖаңалықтар

СҚО мен Нұр-Сұлтанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Елдің екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Basnews.kz.

Төртінші қазан күні Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр аралас қар түрінде аздаған жауын-шашын болады. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман түседі, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік жел күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с-қа күшейеді.

Петропавл қаласында 4 қазанда күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз солтүстік желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында төртінші қазанда көктайғақ болмақ.

Back to top button