BasNewsЖаңалықтар

Дәрігерлер көпірдегі жол апатынан аман қалған жалғыз қыздың жағдайы туралы айтты

Дәрігерлер Нұр-Сұлтандағы көпірдегі жол апатынан аман қалған жалғыз қыздың жағдайына қатысты мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Basnews.kz.

Академик Батпенов атындағы травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығы зардап шегушіні жан сақтау бөлімінен палатаға ауыстырғалы жатқандарын жеткізді.

Қыздың жағдайы тұрақты. Бүгін оны палатаға ауыстыру жоспарланып отыр, – дейді дәрігерлер.

Айта кетсек, 30 қыркүйекке қараған түні елордада жол апатынан бес адам қаза тапты.

Ол кезде 19 жастағы Toyota Camry жүргізушісі Есіл өзенінің бойымен Сарайшық көшесіне қарай жүйткіп келе жатып, қарсы жолаққа шығып Nexya Ravon көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Қос жүргізуші де, үш жолаушы да оқиға орнында көз жұмды. Toyota Camry көлігінің бір жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Кейінірек дәрігерлер науқастың омыртқасы сынғанын және травматикалық шок болғанын хабарлады.

Оған шұғыл ота жасалды, – деп нақтылаған медициналық мекемедегілер.

Back to top button