BasNewsЖаңалықтар

Атырау облысында көшедегі дәретханадан нәресте табылды

Атырау облысында көшедегі дәретханадан нәресте табылды, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Жайт 3 қазанда Индер ауданында орын алды. Баланы көшедегі дәретханаға 31 жастағы әйел тастаған.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, жаңа туған нәресте Индер аудандық ауруханасының босану бөліміне орналастырылды.

Бала гипотермиямен ауруханаға түсті, дәрігерлер оның өмірін сақтап қалды. 31 жастағы көкек ана сол ауданның тұрғыны болып шықты, ол облыстық аурухананың босанудан кейінгі бөліміне жатқызылды, – дейді дәрігерлер.

Бұл фактіге сәйкес, тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция департаментінің баспасөз қызметі тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Back to top button