BasNewsЖаңалықтар

Нұр-Сұлтанда бір тәулікте 96 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Ауа райының қолайсыздығына және қар жаууына байланысты жолда қауіпсіз жүру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті автокөлік иелеріне жазғы дөңгелектерін қысқы шиналарға ауыстыруға кеңес береді, – деп хабарлайды Basnews.kz.

«Сондай-ақ, жолда өте мұқият және абай болуды, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауды, көлікті кілт тежеуден аулақ болуды, қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтауды ескертеміз», – делінген елорда ПД баспасөз хабарламасында.

Елордада бір тәулік ішінде 96 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

«Жүргізушілерге ғана емес, жаяу жүргіншілерге де ерекше назар аудару қажет. Өз қауіпсіздіктеріңіз үшін құлаққаптарды алып тастауға және жолды кесіп өткен кезде телефонмен сөйлеспеуге кеңес береміз», – делінген департамент хабарламасында.

Back to top button