BasNewsЖаңалықтар

Алматыда алғашқы қар жауды

6 қазанда Алматыда алғашқы қар жауды. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде ерекше суреттермен бөлісіп жатыр, – деп хабарлайды Basnews.kz тілшісі.

Қазгидромет синоптиктерінің мәліметінше, бүгін Алматыда күн бұлтты, күндіз ауа температурасы минус 1 градус болады. Түнде минус 3 градусқа дейін төмендейді.

Алматы ТЖД машиналарды ағаштар мен электр жеткізу желілерінің астына қоймауды ұсынады. Мұндай ескертуді құтқарушылар синоптиктердің 5 қазандағы қар жаууы мүмкін деген болжамына байланысты жіберді.

 

Back to top button