BasNewsЖаңалықтар

Атырау облысында шөп өртеніп, 3 бала қайтыс болды

Атырау облысының Махамбет ауданында бума шөп өртеніп, 3 бала қайтыс болды, деп хабаралйды Basnews.kz тілшісі.

Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

2021 жылдың 5 қазанында сағат 19-27 де кезекші пультіне Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылының Жаскеленов көшесіндегі үйдің ауласына жиналған 22 бума шөп жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті.

Оқиға орнына №11 ӨСБ-нің өрт сөндірушілері 19 сағат 45 минутта жетіп, өрт 23 сағат 07 минутта толығымен сөндірілді.

6 қазан күні 00 сағат 02 минутта Махамбет аудандық полиция бөлімінен Ортақшыл ауылында 3 кәмелет жасына толмаған баланың белгісіз жағдайда жоғалғандығы туралы хабарлама келген. Іздестіру жұмыстарына ТЖД 11 қызметкері, 3 бірлік техникасы, 2 кинологиялық есеп, полиция департаменті қызметкерлері мен ауыл тұрғындары жұмылдырылды. Жоғалған 2014 жылғы екі бала мен 2012 жылғы бір баланың денесі өртенген шөптің арасынан табылды. Олардың денесі сот-медициналық сараптамасын жүргізу үшін ПД қызметкерлеріне тапсырылды.

ҚР ТЖМ өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды және балаларды қараусыз қалдырмауларыңызды ескертеді.

Back to top button